×
533.87
621.64
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
533.87
621.64
6.64

Жер бар, саябақ жоқ. Құлсарыдағы қаңыраған саябақ дауы

Бүгін, 09:07
Жер бар, саябақ жоқ. Құлсарыдағы қаңыраған саябақ дауы
Ulysmedia.kz

Атырау облысындағы Құлсары қаласында барлаушы-бұрғылаушыларға арналған саябақ жылдар бойы қаңырап тұр. Өткен жылы абаттандыру жоспарына енгізілгенімен, жұмыс аяқсыз қалған. Әкімдік мұны мердігер компания «Каспий құрылыс LTD» ЖШС-нің салғырттығымен түсіндіреді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚАҢЫРАП ТҰРҒАН САЯБАҚ

Қазір саябаққа кіретін жолды жеке кәсіпкерлердің нысандары жауып тастаған. Соның салдарынан ағаштарға күтім жасау мүмкін болмай отыр. Жергілікті билік саябақты басқа нысанға көшіруді ұсынған. Алайда, тұрғындар бұл идеяға түбегейлі қарсы. «Өйткені бұл жер - барлаушы-бұрғылаушылардың ұрпақтары үшін тарихи әрі рухани мәнге ие» дейді барлаушы Серікқали Ержанов.

- Министрікке басқа да жоғарғы органдарға хат жазылды.Біреуінен ешқандай қолдау табылған жоқ. Облыс, аудан әкімдігінде болдық. ешқандай шешім жоқ, – дейді ол.

Құлсары тұрғыны Амангерді Дүйсенбаев саябақ маңайына нысандардың салынуына наразы. Оның сөзінше, аудан, қала әкіміне бірнеше рет барған. Бірақ нәтиже жоқ.

- Аудан әкімінен, қала әкімінен бірнеше рет осы бір топ азаматтар барып соны сұрады. Әлі іске асыра алмай жүр, бүгінгі таңда мектептің айналасын қоршап,  сол жерден саябақтың алдына дүкен салған. Саябақтың көркі кеткен, – дейді Амангелді Дүйсенбаев.

ӘКІМДІК УӘЖІ

Құлсары әкімдігі саябаққа кіретін жолдың жекенің қолына өтіп кеткенін жоққа шығармайды. Жер иесі ол жерге ғимарат салып үлгерген. Әкімдік енді ғана «мемлекет қажетіне қайтару» тетігін қарастырып жатыр. Яғни, саябаққа жол ашу үшін құжат рәсімдеу, бағалау, конкурс өткізу секілді ұзақ процедуралар әлі алда.

Саябақты қайта жандандыруға үміт артып, тұрғындар «Самұрық-Қазына» қорына да жүгінген. Алайда ұлттық әл-ауқат қоры «бұл бастама қайырымдылықтың басым бағыттарына кірмейді» деп, демеушілік жасаудан бас тартқан. Қор биылғы қайырымдылық қаражатын негізінен су тасқыны зардаптарын жоюға бөлгенін айтты.

КОНТЕКСТ

Тұрғындардың айтуынша, «Барлаушылар» саябағы 2023-2024 жылғы қаланың бас жоспарға енген. Бірақ ол әлі күнге дейін қаңырап бос тұр.

Серіктес жаңалықтары