×
537.63
622.52
6.69
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.63
622.52
6.69

Жамбыл облысында 14 жастағы қыз жүкті болып қалған

Бүгін, 08:28
Жамбыл облысында 14 жастағы қыз жүкті болып қалған
Ашық дереккөзден

Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы қыздың жүкті екені анықталды, қазір ол анасымен бірге тұрып, мамандардың бақылауында, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Тоғызыншы сынып оқушысы балалы болады

HALYQSTAN Telegram-арнасының мәліметінше, Жамбыл облысының Байзақ ауданында жасөспірім жүкті болып қалған. Қыз баланың әкесімен бір мектепте оқиды және жуырда ғана тоғызыншы сыныпқа көшкен. Қыз бала мен оның құрдасы екеуі де 14 жаста. Жүктілік кездейсоқ анықталды: анасы демалыс күндері қызының сырт келбетінде өзгерістерді байқап, оны УДЗ-ға апарған. Бұған дейін қыз әкесімен бірге тұрған, ал анасының басқа отбасы бар.

Мектеп пен ата-аналардың реакциясы

Қыз бала есепке алынған соң, бұл жағдайды білім ордасы да білген. Екі оқушының ата-аналары шақырылып, түсініктеме алынды. Қазір жасөспірім көрші ауылдағы анасымен бірге тұрып жатыр және дәрігерлер мен психологтардың тұрақты бақылауында. Байзақ ауданының білім бөлімінде оқушыға қажетті қолдау көрсетіліп жатқанын және жағдайдың мамандардың жіті назарында екенін нақтылады.

Серіктес жаңалықтары