×
537.91
628.87
6.6
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.91
628.87
6.6

Түркістан облысында әкесін аяусыз соққан асаба туралы не белгілі?

Бүгін, 09:19
Түркістан облысында әкесін аяусыз соққан асаба туралы не белгілі?
Ulysmedia.kz коллажы

Түркістан облысында әкесін аяусыз ұрған ер адам қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ОҚИҒА ТУРАЛЫ

Жантүршігерлік жағдай Түркістан облысының Шардара ауданында болған. Бұл жағдайды көршісі үй қоршауының тесігінен түсіріп, әлеуметтік желіде тарап кеткен. Видеода жасы егде тартқан адамды ұлы боқтап, қан жоса етіп соққыға жыққаны көрсетілген. Ер адамның қасында әйелі мен кішкентай баласы бар.

ҚАМАУҒА АЛЫНДЫ

Осыған орай облыстық ПД түсініктеме берді.

— Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Болған оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қажетті жедел-тергеу шаралары жүргізілуде, оның нәтижелері бойынша тиісті шешім қабылданатын болады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпараттар жария етілмейді, - деп хабарлады облыстық ПД-ның баспасөз қызметі.

ЕР АДАМ ТУРАЛЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Видеода әкесін аяусыз ұрған ер адам өзін асаба, әнші ретінде таныстырған. Мәдениет әлеміне қатысы бар адам 2024 жылы “Талантты асаба” атағын да алыпты. 

Тағы бір ақпараттарға сәйкес, ер адам жергілікті мешітте таң намазында азан шақырып, қызмет етеді. 

Сонымен қатар, ер адам Восход ауылының мәдениетінің мүшесі екені белгілі. 

Серіктес жаңалықтары