×
538.89
629.53
6.34
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.89
629.53
6.34

Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қайтыс болды

Бүгін, 08:01
Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апатынан 10 адам қайтыс болды
bloknot-taganrog.ru

11 қыркүйек күні Маңғыстау облысы Қарақия ауданы Сенек елді мекенінен 90 шақырым қашықтықта орналасқан автожолда жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

МӘН-ЖАЙ

Алдын ала мәліметтер бойынша, «Toyota Hiace» маркалы автокөліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, салдарынан көлік жол шетіне аударылып кеткен. Көліктің ішінде жолаушылар болған.

АДАМ ШЫҒЫНЫ

Жол апатының салдарынан 8 адам оқиға орнында көз жұмды, тағы екі адам ауруханаға жеткізу барысында қайтыс болды. Жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтауға бағытталған сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Қажетті сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін, жылдамдық режимін және жолаушыларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жол ережесінің болмашы бұзылуы да орны толмас қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары