×
541.34
640.73
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
541.34
640.73
6.53

Өскемендіктер зауыт жұмысының кесірінен "тұншығып" отыр

Бүгін, 11:11
Өскемендіктер зауыт жұмысының кесірінен "тұншығып" отыр
Видео кадры

Өскемен маңындағы зауыт жұмысы халықтың наразылығын тудырды. Кәсіпорын іске қосылғаннан кейін тұрғындар денсаулықтарының нашарлағанына шағымдануда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Өскеменге қарасты Новоявленка ауылында адамдар түтінге тұншығып отыр, деп жазады almaty.tv. Тұрғын үйлердің қасында асфальт-бетон зауыты салынып қойған. Ауыл тұрғындарының сөзінше, оның үстіне ешқандай рұқсат пен тексерусіз салынған. Кәсіпорын қазірдің өзінде сынақ өндірісін іске қосқан, ал мұндай күндері, тұрғындардың айтуынша, терезені ашу мүмкін емес. Барлық инстанцияға жасалған шағымдар нәтиже бермеген.

- Мен астмамен ауырамын. Маған демалу мүмкін емес, терезені ашып, таза ауа жұта алмаймын. Өйткені мүлде тыныстау мүмкін емес! Не кешке, не күндіз – ештеңені аша алмайсың. Оларға рұқсатты кім бергенін білмеймін, – деп наразы болды ауыл тұрғыны Любовь Горбатовская.

ӘКІМДІК НЕ ДЕЙДІ

Санитарлық және экологиялық нормаларға сәйкес кәсіпорынды тұрғын үйлерден 500 метрден жақын салуға қатаң тыйым салынған. Ал мұнда қашықтық он есе қысқа болып шықты.

- Әкімдікке бұл кәсіпорынның жұмысына қатысты азаматтардан өтініштер түсті. Бұл нысанға акимат тарапынан құрылысқа рұқсат берілмеген. Осыған байланысты қала әкімінің тапсырмасымен материалдар тексеру жүргізу үшін қадағалау органдарына жолданды, – деді Өскемен әкімі баспасөз хатшысы Азат Қасымов.

Экологтар да өз тарапынан тексеру тағайындады. Егер өз бетінше салынған құрылыс фактісі дәлелденсе, компанияға қомақты айыппұл салынып, жұмысы тоқтатылуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары