Павлодар облысында жол апатынан бес адам қаза тапты. Полиция департаментінің хабарлауынша, жол апаты салдарынан Toyota маркалы көлік өртеніп кеткен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Апат салдарынан төрт жолаушы мен жүргізуші қаза тапты.
– Алдын ала мәлімет бойынша, 23 қыркүйекте «Павлодар–Қызылорда» автожолында, Байет ауылынан 5 шақырым жерде «Toyota Lucida» автокөлігінің жүргізушісі қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етпей, арақашықтықты сақтамай, «Sitrak» жүк көлігіне соқтығысқан. Соның салдарынан Toyota автокөлігі өртеніп кетті, – делінген полиция хабарламасында.
БҰҒАН ДЕЙІН
Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан 10 адамның қаза тапқаны хабарланған еді.