×
546.96
642.73
6.7
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
546.96
642.73
6.7

Түркістан облысында 70 жыл бұрынғы мектеп әлі жөндеу көрмеген

Бүгін, 09:00
Түркістан облысында 70 жыл бұрынғы мектеп әлі жөндеу көрмеген
Ulysmedia.kz коллажы

Түркістан облысында оқушылар төбесі құлап, едені шіріген мектепте білім алуға мәжбүр. Не асхана, не спортзал, не кітапханасы жоқ ғимаратта бар жоғы екі-ақ кабинет бар. Оған сыймаған балалар сабаққа бір жыл кеш барады.  Ашынған ата-аналар Ескіқорғандағы әбден ескірген мектеп құлап, баламыз қиранды астында қала ма деп жанайқайын жеткізді. 

ТҰРҒЫНДАРДЫҢ ЖАНАЙҚАЙЫ

Келес ауданындағы бұл мектеп 70 жыл бұрын бой көтерген. Оның өзін ауыл тұрғындары асарлатып тұрғызған. Содан бері ұлтарақтай ғимаратта міне төртінші буын білім алуда. Балалар білім ұясының табалдырығын аттағалы спортзалды да, асхананы да, кітапхананы да атымен көрмеген. Дене шынықтыру үшін даладағы жалғыз турникке тартылса, су ішу үшін ауладағы бөшке алдында кезекке тұруға мәжбүр. 

- Төбесі жоқ. Қабырғасы қисық. Едені тесік. Бұл мектеп. Қаңғыбастар жиналатын жер бұдан жақсы негізі. Бірақ осы жерде білім алып отыр. Құлап. Ішінде балалар мерт болғаннан кейін тани ма білмеймін. Қабырғасы қызыл кірпіштен емес кәдімгі лай кірпіштен салынған. Үгітіліп біткен. Тіпті бұның іргетасы жоқ. Үгітіліп, кірпіші жерде тұр. Апатты деп танисыздар ма десек, “танымаймыз” дейді, дейді ауыл тұрғыны Дастан. 

Мектепте 54 оқушы білім алады. Бәрі де бесінші сыныпқа дейінгі балалар. Үзілісте шаңғыған шөп арасында ойнайтын оларға соғылатын қоңырау да сол күйі жаңармапты. Құлауға шақ тұрған ғимарат жанында ағаштан жасалған әжетхананы да байқауға болады. Айналада өртенген қоқыс қалдығы да шашылып жатыр. Көрген сайын жанымыз ауырады деген ата-аналар әкімдік уәдесіне сенуден қалдық дейді. 

- Күніге мектептен жылап келеді. Біреуінің аяғы еденнің тесігіне кіріп кетеді. Біреу құлайды. Біз мына мектепке жіберуге қорқамыз. Бізге биыл мектептерің салынады. Басталады деп айтқан облыс әкімінің өзі. Әліге дейін мектебіміздің іргетасы да құйылған жоқ, дейді ауыл тұрғыны Толқын Алимов. 

БИЛІК НЕ ДЕЙДІ?

Тұрғындар сөзінше, жергілікті биліктің жаңа мектеп құрылысын бастаймыз дегеніне биыл 20 жыл өткен. Ескіқорғандары ескірген мектеп мәселесін тыңдауға шенеуніктер де жетті. Сөздерінше, олар бос отырмаған. Тез қимылдап, құжаттарды реттедік дейді. 

- Біз тез арада осы құжаттарды жасап біткенбіз. Төрт құжат құрылыс басқармасы тарапынан істелінді. Қаржы жағы сессияда қаралады. Сессиядан кейін бөлінгеннен бастап құрылыс жұмыстары басталады. Бірақ құжаты енді бітті ғой. Құжаты мемлекеттік сараптамадан кеше қыркүйек айында біткен. Енді біте салысымен құжаттарды басқармаға жібердік. Енді облыстан қаржы бөлінсе одан кейін басталады, дейді Келес ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылымы басқармасының басшысы Нұрмұхамед Нархозиев.

Тағы күтсек баламыз үйінді астында қалады деген бұқара мектепті апатты деп тануын талап етті. Осыдан соң ғана әкімдік мектепті уақытша жауып, оқушыларды көрші ауылға тасымалдаймыз деп шешім шығарды. Ол үшін енді басқармадан ақысыз жеткізетін автобус бөлінбек.

Серіктес жаңалықтары