×
539.06
623.75
6.63
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
539.06
623.75
6.63

Дауыс санау: Семей әкімін сайлауда кім, қанша дауыс алды?

Дауыс санау: Семей әкімін сайлауда кім, қанша дауыс алды?
ulysmedia.kz

Ulysmedia тілшісі №11 мектеп ғимаратында орналасқан №37 сайлау учаскесіне келіп, дауыс санау процесін бақылады.

Дауыс санау

Сайлау комиссиясы төрағасының Айнұр Күзембаеваның сөзінше, №37 сайлау учаскесінде 2258 сайлаушы тіркелген. Заң бойынша, 2259 бюллетень берілген. Оның 940-ы пайдаланылмаған. Бұл шашамен барлық бюллетеньнің 33 пайызы. Дауыс санауда жарамсыз бюллетеньдер тіркелмеді. Сайлау комиссиясының есебінше, сайлаушылардың 57 пайызы дауыс берген.

Қаныш Төлеуов (геодезия, картография және құрылыс жоғары колледжінің директоры) — 244 дауыс;

Айболат Бекжасаров (қалалық мәслихаттың бұрынғы төрағасы)— 61 дауыс;

Әділет Қожанбаев (Көкпекті ауданының әкімі) — 914 дауыс жинады.

Додадан бас тартқан кандидат

Төртінші кандидат Қанат Шапатов (Балалар және жастар шығармашылығы сарайының директоры) 8 қазанда кандидатурасын алып тастаған. Оның не себепті сайлау додасынан шыққаны белгісіз. Аймақтық сайлау комиссиясы Шапатов додадан өз еркімен бас тартты дейді.

Кандидаттардың барлығы 2022 жылғы Қанды Қаңтар оқиғасынан кейін атауын өзгерткен биліктегі “Аманат” партиясының мүшесі.

Бақылаушы жоқ сайлау учаскесі

Бір қызығы, №37 сайлау учаскесінде бірде-бір бақылаушы болмады. Бастапқыда сайлау комиссиясының төрағасы Ulysmedia тілшілерін учаскеге кіргізуге қарсылық білдірді. Кейіннен райынан қайтты.

Айырмашылық “жер мен көктей”

Ulysmedia тілшісі сөйлескен №95 сайлау учаскесінде мониторинг жасаған азаматтық белсенді Кенжебек Сұлтанбеков сайлауға келгендер саны 12 пайызға жетпейтінін айтты. Бір қалада орналасқан екі сайлау учаскелеріндегі сайлауға келгендер айырмашылығы “жер мен көктей”.

Іріктеуден өтпей қалған кандидаттар

Облыстық сайлау комиссиясына бастапқыда сегіз адам құжат тапсырған. Оның үшеуі өтпей қалған. Біреуі құжатын кері қайтарып алған. Тіркеуден өтпей қалған адамдардың бірі — қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бұрынғы бастығы Бақытбек Байболов. Ол комиссия шешімімен келіспей, сотқа жүгініп, жеңіліп қалған. Азаматтық белсенділер әкім сайлауын билік тағы да өзінің қолайына жағатын кандидаттардың арасында өткізді дейді.

Семейде 128 сайлау учаскесі бар. Қалада 220 мыңнан астам адам дауыс беруге құқылы.

Серіктес жаңалықтары