×
537.77
622.95
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
537.77
622.95
6.65

Әділет Қожанбаев Семейдің әкімі болып сайланды

Бүгін, 16:12
Әділет Қожанбаев Семейдің әкімі болып сайланды
Ulysmedia.kz коллажы

Семей қаласында әкім сайлауы аяқталды. Аумақтық сайлау комиссиясының мәліметінше, өзін-өзі ұсынған кандидат Әділет Қожанбаев жеңіске жетті. Оған 89 441 сайлаушы дауыс берген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қожанбаевтың қарсыластары Бекжасаров пен Төлеуов тиісінше 9 763 және 12 557 дауыс жинаған. 45 жастағы Әділет Қожанбаев сайлауға дейін Абай облысы Көкпекті ауданының әкімі қызметін атқарған.

КОНТЕКСТ

Бастапқыда Семей қаласы әкімі лауазымына сегіз адам құжат тапсырған болатын. Алайда олардың үшеуіне тіркеуден бас тартылған, ал бір үміткер өз өтінішін кейін қайтарып алған. Тіркеуден өтпегендердің арасында қалалық төтенше жағдайлар басқармасының бұрынғы басшысы Бақытбек Байболов та бар. Ол комиссия шешімімен келіспей, сотқа шағымданғанымен, жеңіліп қалды.

Кейбір азаматтық белсенділер сайлауда билікке ыңғайлы кандидаттар ғана қатысқанын сынға алды. Семейде 128 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Қала халқы 300 мыңнан асады, олардың шамамен 220 мыңы дауыс беру құқығына ие.

Серіктес жаңалықтары