×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Жаңбыр қарға ұласады: Алдағы үш күнге ауа райы болжамы

24.09.2021, 11:15
фото: Ашық дереккөзден

Қазгидромет Қазақстан бойынша 2021 жылғы 25-27 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа-райы күтіледі. Бұған солтүстік-батыс және оңтүстік циклондарының бірігуі ықпал етеді. Жаңбыр жауады: республиканың солтүстік жартысы мен шығысында жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін. Жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі.

Қазақстанның батысында ауа температурасы түнде 7-15 градус, күндіз 15-25-тен 10-20-ға дейін төмендейді. Солтүстік-батыста түнде минус 3 градустан 5-ке, 3-11 жылыға дейін өзгеріп, күндіз 13-23-тен 3-13 жылыға дейін суытады. Елдің солтүстігін мен орталығында түнде термометрлер минус 2-7 градустан 3-8 жылыға дейін, күндіз 10-20-дан 5-13 жылыға дейін құбылады деп болжанып отыр. Республиканың шығысында ауа температурасы түнде минус 5 градустан 5 жылыға өзгеріп, күндіз 7-17 жылы аралығында болады. Қазақстанның оңтүстігі және оңтүстік-шығысына келсек, түнде плюс 5-15-тен 10-17-ге дейін құбылып, күндіз 25-32-ден 18-25-ке дейін төмендейді.

Серіктес жаңалықтары