Қайғылы оқиға 5 ақпан күні Аймауытов көшесінде сағат 22:30-да болған, деп хабарлайды ulysmedia.kz.
Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, тойота көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай, ағашқа соғылып қалған. Соның салдарынан 25 жастағы жүргізші мен 35 жастағы жолаушы оқиға орнында тіл тартпай кетті.
Тағы бір жолаушы әртүрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Жол-көлік оқиғасына қатысты тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды.