×
538.12
627.02
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.12
627.02
6.65

Бағанашылдағы дау: білім басқармасының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды

Бүгін, 14:29
Бағанашылдағы дау: білім басқармасының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды
Коллаж: Ұлысмедиа

Бағанашылдағы балалар үйіндегі даудан кейін білім басқармасының экс-басшысы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы облысында тілдерді дамыту басқармасының жаңа басшысы тағайындалды. 20 қазаннан бастап бұл қызметке бұрын облыстық білім басқармасын басқарған Салтанат Беспаева келді.

Бұл тағайындау Баганашылдағы балалар үйі төңірегіндегі резонансты жанжалдан кейінгі екі жарым ай өткен соң жүзеге асты.

БАҒАНАШЫЛДАҒЫ ДАУ

Шілдеде №1 балалар үйін Қонаев қаласына көшіру туралы шешімге балалар қарсы шыққан. Көшіру кезінде полиция балаларға қарсы күш қолданып, автобусқа мәжбүрлеп мінгізбек болған видеолар әлеуметтік желіде тараған. Қоғамдық резонанстан кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев араласып, балалардың ешқайда көшірілмейтінін айтқан.

Балалар үйіндегі даудан кейін көп ұзамай Алматы облысы білім басқармасының басшысы Салтанат Беспаева мен ішкі саясат басқармасының басшысы Ерік Әбитов қызметінен босатылды. Екеуінің де өз еркімен қызметтерінен кеткені айтылды.

Серіктес жаңалықтары