×
538.12
627.02
6.65
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
538.12
627.02
6.65

Маңғыстауда екі адам процедуралық кабинетке барғаннан кейін қайтыс болды

Бүгін, 15:06
Маңғыстауда екі адам процедуралық кабинетке барғаннан кейін қайтыс болды
Фото: pixabay.com

Биыл тоғыз айдың ішінде Маңғыстау облысында жеке процедуралық кабинеттерге барған тұрғындар арасында 41 анафилаксиялық шок жағдайы тіркелген. Оның екеуі өліммен аяқталған. Бұл туралы аймақтық медициналық және фармацевтикалық бақылау департаментінің басшысы Нұрсұлу Мұхамбетярова мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қайғылы оқиғалардың бірі Мұнайлы ауданының Қызылтөбе ауылында болған. Ер адам антибиотик сатып алып, сол дәріханамен бір ғимаратта орналасқан процедуралық кабинет қызметін пайдаланған. Инъекция жасалғаннан кейін оның жағдайы күрт нашарлап, жүрек қызметі тоқтаған. «103» жедел жәрдем қызметі келгенше ер адам көз жұмған.

- Бұл факті бойынша біздің департамент денсаулық сақтау басқармасының хабарламасы негізінде жоспардан тыс тексеру жүргізді. Нәтижесінде медициналық қызметке лицензияның жоқтығы, дәрігердің тағайындауынсыз көктамыр ішіне және бұлшықетке инъекция жасалғаны, антибиотикке аллергиялық сынама жүргізілмегені анықталды. Сондай-ақ дәрілік заттарды сақтау ережелері бұзылған, ал медициналық қызметкердің тәжірибелік қызметке рұқсат беретін сертификаты мен соңғы бес жылда біліктілігін арттыру құжаты болмаған. Тексеру материалдары процессуалдық шешім қабылдау үшін полиция департаментіне жолданды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, – деді Нұрсұлу Мұхамбетярова.

ЕСКЕРТУ

Ол жеке процедуралық кабинеттердің дербес жұмыс істеуі заңсыз екенін еске салды. Мұндай кабинеттер тек бастапқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының құрамында ғана қызмет көрсете алады, деп жазады Lada.kz.

Серіктес жаңалықтары