×
530.15
617.47
6.64
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
530.15
617.47
6.64

Алматы облысында 6-сынып оқушысының мәйіті өз ауласынан табылды

Бүгін, 09:21
Алматы облысында 6-сынып оқушысының мәйіті өз ауласынан табылды
Видео кадры

Алматы облысының Саймасай ауылында 6-сыныпта оқитын баланың мәйіті өз ауласынан табылды. «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі жеткіншекке өгей әкесі жыныстық зорлық-зомбылық көрсетуі мүмкін екенін мәлімдеді. Қазір полиция бұл оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізу») бойынша іс қозғаған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Информбюро31 мәліметінше, марқұмды бүгін бүкіл ауыл болып соңғы сапарға шығарып салды. Оқушының денесі 27 қазан күні табылған. Өгей әкесінің туыстарының айтуынша, бала өз ауласындағы ағашқа ілінген арқанға асылып қалған. Сол күні үйде ешкім болмаған дейді. Олар «балаға өгей әке жәбір көрсетті» дегенді жоққа шығарып, отбасының тұрмысы нашар болғанын да теріске шығарды.

Алайда ауыл тұрғындарының пікірі мүлде басқа. Көршілер марқұмның үйіндегі жағдайдың жақсы болмағанын, баланың жиі мұңайып жүргенін айтады.

- Ағамның ең сүйікті баласы еді. Оған өгей әке болса да ағам өзін қоярға жер таппай отыр. Алайда сараптамасыз, дәлелсіз оны педофилизмге айыптауда. Әуелі құзырлы органдар баланың қорлық көргенін экспертизада анықтасын. Сөз жоқ, ондай жағдайда кінәлілер жазаланады. Бірақ қазір айтылғанның бәрі жала, – дейді марқұмның өгей әкесінің туысы Елена Мамытханова. 

МЕКТЕП НЕ ДЕЙДІ? 

Мектеп директорының сөзінше, жеткіншек толық емес отбасында тұрғандықтан ерекше бақылауда болған. «Соңғы рет 16 қазанда үйіне барып, жағдайын көрдік. Киімі таза, сабақтан қалмаған», – дейді ол. Бірақ бұл мәліметті көршілер растамай отыр.

- Жаплы отбасы өзінің тұрмыстық жағдайына байланысты сәтсіз отбасы ретінде кәмелетке толмағандар бойынша тіркеуде тұрған тұрмыстық жағдайы санитарлық талаптардың төмендігіне байланысты, – дейді А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің директоры Назгүл Сарымбаева. 

Ал «Не молчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі бұл отбасы туралы дабылды хабар ақпан айында түссе де, тиісті органдар ешқандай шара қолданбағанын айтты.

- Саймасай ауылының тұрғындары балаға өгей әкесі зорлық көрсетуі мүмкін деп хабар берді. Белгілі болғандай, өгей әке бұрын 2 рет сотталған. Ал отбасы ішімдікке әуес. Біз ювеналды полицияға дабыл қақтық. Олар мәселені бақылауға алғандай еді. Енді жеткіншектің асылып өлгенін естіп отырмыз, – дейді ол. 

ҚЫЛМЫСТЫҚ ІС

Алматы облыстық полиция департаменті баланың өліміне қатысты тергеу басталғанын растады. Іс Қылмыстық кодекстің 105-бабы («Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу») бойынша тіркелген.

Қаза болған жеткіншек – үйдің ортаншы баласы. Ол өгей әкесімен 2021 жылдан бері бірге тұрған.

Серіктес жаңалықтары