 
                    Түркістан облысының Отырар ауданында тұрғынның газ жүйесіне өз бетімен қосылуы қайғылы жағдайға себеп болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ЖАРЫЛЫС САЛДАРЫ
Otyrar мәліметінше, оқиға Шәуілдір ауылындағы көппәтерлі үйлердің бірінде болған. Алдын ала мәлімет бойынша, тұрғындардың бірі газ желісіне рұқсатсыз қосылған. Соның салдарынан газ-ауа қоспасы жарылып, бір адам жарақат алды. Бірнеше пәтер бүлінген.
ҚАУІПСІЗДІК
Қазір елдімекенде газ беру уақытша тоқтатылып, мамандар тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
«QazaqGaz Aimaq» компаниясы тұрғындарға газ жүйесіне өз бетімен қосылмау туралы қатаң ескерту жасады. Ұйым өкілдері мұндай әрекеттер адам өміріне қауіп төндіретінін айтып, газ жабдығын орнату мен техникалық қызмет көрсетуді тек арнайы рұқсаты бар мамандар атқаруы тиіс екенін еске салды.
 
            
             
            
            