×
522.49
601.07
6.47
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
522.49
601.07
6.47

Алматыға қар түсіп, бір түнде 17 жол апаты болды

Бүгін, 09:20
Алматыға қар түсіп, бір түнде 17 жол апаты болды
Фото: ПД

Түнде жауған қардан кейін Алматыда 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Алматы қаласында сағат 18:00-ден таңғы 06:00-ге дейін 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Абырой болғанда, қаза болғандар жоқ, 6 адам жарақат алды.

Полицияның мәліметінше, жол апаттарының басым бөлігі қашықтықты сақтамау, жылдамдықты дұрыс таңдамау және жол қозғалысына қатысушылардың зейінсіздігі салдарынан болған.

- Алғашқы қардың жаууы әдетте жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер үшін қиындық тудырады. Мұндай жағдайда жолдың беті тайғақ болып, тежеу жолы ұзарады. Дегенмен, көптеген жүргізушілер ауа райы мен жол жағдайын ескермей, бұрынғы жылдамдықпен қозғала береді. Біз барлығын өте сақ болуға, жылдамдықты азайтуға, кенеттен маневр жасаудан аулақ болуға және жол қауіпсіздігі әркімге байланысты екенін есте сақтауға шақырамыз, – деді, Алматы қаласы ПД Қоғамдық қауіпсіздік Басқармасы бастығының орынбасары Тимур Ноғайбаев.

Полиция департаменті, суық ауа райының басталуымен көліктерді қысқы маусымға алдын ала дайындау, жүйелердің дұрыс жұмыс істеуін тексеру және жазғы дөңгелектерді қысқыға ауыстыру маңызды екенін атап өтті.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары, жаяу жүргіншілерге жолдан өтер кезде сақ болуды, жарық шағылыстырғыш элементтерді пайдалануды және жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өтпеуді еске салады.

Серіктес жаңалықтары