×
526.79
606.34
6.51
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
526.79
606.34
6.51

Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігімен басып кеткен жүргізуші сотталды

Бүгін, 09:01
Алматыда 7 жасар қызды жүк көлігімен басып кеткен жүргізуші сотталды
Видео кадры

Алматыда жеті жасар қызды жүк көлігімен қағып өлтірген жүргізушіге үкім шықты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

КТК мәліметінше, алпысқа жуық жастағы ер адам екі жарым жылға бас бостандығынан айырылды және бес жыл бойы көлік жүргізу құқығынан шеттетілді. Ал сол кезде жаяу жүргіншіге жол бермеген автобус жүргізушісі небәрі 40 мың теңге айыппұлмен құтылды.

ҚАЙҒЫЛЫ ЖАҒДАЙ

Қайғылы жағдай сәуір айында болған. Жүк көлігі 7 жасар қыз баланы қағып кетіп, салдарынан бүлдіршін оқиға орнында қаза тапты. 

Қайтыс болған қыз сол сәтте жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп бара жатқан. Алайда жүк көлігі уақытында тоқтамай, оны қағып кеткен.

Серіктес жаңалықтары