×
523.58
605.36
6.45
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
523.58
605.36
6.45

Қызыл кітаптағы жануарды аулаған үш қазақстандық сотталды

Бүгін, 16:13
Қызыл кітаптағы жануарды аулаған үш қазақстандық сотталды
ЖИ / ulysmedia.kz

Алматы облысының үш азаматы Қызыл кітапқа енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қызыл кітапқа енген қарақұйрық жануарын заңсыз аулауға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 9 қазанда Балқаш ауданының үш тұрғыны Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енген қарақұйрықты заңсыз аулағаны және атқаны үшін кінәлі деп танылды.

СОТ ҮКІМІ

Сот үкімі бойынша сотталушылардың әрқайсысына 3 жылға бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды, сондай-ақ, мемлекет пайдасына 7 миллион теңге өндірілді.

ТАҒЫ ҚАНДАЙ ІСТЕР БАР?

Жыл басынан бері Алматы облысының соттары заңсыз аңшылық фактілері бойынша 5 қылмыстық істі қарады, 10 адам әртүрлі жаза түрлеріне тартылды, олардың заңсыз әрекеттерінен келтірілген жалпы шығын 36 млн теңгені құрап, мемлекет пайдасына толық көлемде өндірілді.

Алматы облысының прокуратурасы заңсыз аңшылық үшін 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын ескертеді (ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабы).

Серіктес жаңалықтары