×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Зейнеткер әкімдер: Өкілеттілігі екі рет ұзартылған Сапарбаев 69 жасқа толды

10.02.2022, 09:15
Зейнеткер әкімдер: Өкілеттілігі екі рет ұзартылған Сапарбаев 69 жасқа толды
Коллаж: ulysmedia.kz

Зейнет жасына келсе де демалысқа асықпаған, дәлірек айтсақ «асықпаңыз» деп кезінде Елбасының өзі сұраған Жамбыл Облысының әкімі Сапарбаев Бердібек  Машбекұлы бүгін алпыс тоғыз жасқа толды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

АТҚАРУШЫ БИЛІКТЕГІ «ҮШ БӘЙТЕРЕК»

Отқа салса жанбайтын, суға салса батпайтын Сапарбаев небір лауазымды қызметтерді атқарды. Еліміздің төрт тарабына да әкім болған оны, былтыр Қордайдағы қақтығыстан кейін Қасым- Жомарт Тоқаев Жамбыл обылысының әкімі етіп тағайындады. Зейнет жасына жеткенде өкілеттілігі 3 жылға ұзартылған. Кейін тағы екі жылға созылды. 

Алпыс үш жаста зейнеткерлікке шығу туралы заң, біраз шеңдіні айналып өткендей. Сапарбаевтан өзге зейнет жасынан асқан Шығыс Қазақстан Облысының  әкімі Даниал Ахметов те орынтағын босатпай отыр. 2017 жылы зейнеткерлікке шығуы керек болған Д.Кенжетайұлының қызметтік өкілеттілігін Н. Назарбаев өзінің жарлығымен бес жылға ұзартып, 2022 жылдың 15 маусымына дейін қызмет атқаруға пәрмен берген болатын.  Яғни, Даниал Ахметов төрт айдан кейін 68 жасында, зейнеткерлікке кетуі бек мүмкін.

Алпысты алқымдаған тағы бір әкім Атырау облысын басқарып отыр. Өткен жылдың соңында пара алды деген күдікпен басы дауға қалған Бақытгүл Хаменованың бастығы Махамбет Досмұхамбетов алпыс бір жасқа аяқ басты.

«Орынбасарымның айыбы анықталса, отставкаға кетуге әзірмін»- деген ол, бір жылда үш орынбасары істі болса да орнын босатпай үнсіз отыр.

Ел тарихындағы ең егде әкім болған Баталов Амандық  Ғаббасұлы былтыр 69 жасында өз өкілеттілігін тоқтатып зейнеткерлікке шықты.

57 ЖАСТАҒЫ ГҮЛШАРАҒА ҚИЫН БОЛДЫ

Сонымен қатар, жалғыз өңірді әйел адам басқарып отыр. Қызылорда облысының әкімі 57 жастағы Гүлшара Әбдіқалықованың зейнетке шығуына әлі ерте. Себебі, 2019  жылдың 1 қаңтарынан бастап әйелдердің зейнетке шығу жасы алты айдан алға жылжып, кезең кезеңімен ұзартылады. Сөйтіп, 2027 жылы әйелдер де зейнетке 63 жастан бастап шығатын болады. Әбдіқалықованың әлі алты жыл ел тізгініңде отыруға мүмкіндгі бар.

ЗАҢНАН АТТАП КЕТПЕГЕН БЕКШИН

Парламентке келсек, заң шығарушы билікте де жасамыстар жеткілікті. Мәселен, мәжілістегілердің 38 пайызы зейнет жасына жеткендер, 20 пайызы алпыс үш жастан асқандар.

Бір қызығы, ел алдында жүрген шенділер ішінде зейнет жасы туралы заң тек Жандарбек Бекшинге ғана жүрген сияқты. Биыл 5 қаңтарда ол зейнет жасына жетуіне байланысты Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері қызметінен кетті.