×
518.68
600.27
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.68
600.27
6.58

Алматыда "тендер биржасының" бастығы қамауға алынды

Бүгін, 08:03
Алматыда "тендер биржасының" бастығы қамауға алынды
SHYNDYK.KZ

Алматыда «тендер биржасының» басшысы Шыңғыс Құрманғалиев ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша қамауға алынды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Компания жетекшісі ұсталғаны расталды

Әлеуметтік желілерде «Тендерная биржа» ЖШС басшысы Шыңғыс Құрманғалиевтің ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алматы қалалық полиция департаменті бұл мәліметті растады.

Ведомствоның хабарлауынша, тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. 

- Күдікті К. уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сот оған қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады, – деп мәлімдеді полицейлер.

Іс материалдарының өзге деректері тергеу мүддесіне байланысты жария етілмейді. Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабы ақпаратты таратуға тыйым салады.

Қандай бап бойынша айып тағылған

ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі – екі немесе одан да көп адамға қатысты жасалған, ірі көлемдегі алаяқтық үшін жауапкершілікті көздейді.

Бұған дейін, 2025 жылдың шілде айында, КТК телеарнасы алматылықтардың «Тендерная биржа» басшысына шағымданғанын хабарлаған еді. Жәбірленушілердің айтуынша, олар компанияның жарнамасына сеніп, инвестиция салса, тұрақты табыс табамыз деп ойлаған. Алайда кейін салған қаржыларынан да, кейбір жағдайда баспаналарынан да айырылып қалғандарын мәлімдеген.

Алдын ала деректер бойынша, Құрманғалиевке тапсырылған қаражат көлемі бір миллиард теңгеге дейін жетуі мүмкін.

Серіктес жаңалықтары