Атырау облысындағы Қарабау ауылында белгісіз індеттен мал қырылып жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Қызылқоға ауданында тамыз айынан бері 21 бас ірі қара қырылған. Atyrau.today мәліметінше, тұрғындар жауапты қызметтердің әрекеті тым баяу екенін айтып шағымдануда.
Алдын ала болжам бойынша, малдың өлуіне себеп — күйдіргі немесе пастереллёз болуы мүмкін. Өлген жануарлар санитарлық талапқа сай өртелген, мал қырылған орындар дезинфекцияланған. Патологиялық сынамалар облыстық зертханаға жіберілді.
- Бүгін малдың тағы бір өлімі туралы хабар келді. Сынамалар алынды, ертең талдауға жібереміз. Қарабаудағы жағдай күнделікті бақылауда, — деді аудандық ветстанция директоры Жанібек Кенжин.