×
516.86
598.68
6.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
516.86
598.68
6.58

Семейде балабақша тәрбиешісі ерекше баланы көрпемен басып ұйықтатқан

Бүгін, 08:24
Семейде балабақша тәрбиешісі ерекше баланы көрпемен басып ұйықтатқан
Видео кадры

Семейде ата-ана бес жастағы ерекше күтімді қажет ететін ұлын балабақша тәрбиешісі қинады деп шағымданып, жауапқа тартуды талап етті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

КТК телеарнасының мәліметінше, оқиға қалалық мемлекеттік балабақшалардың бірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода тәрбиешінің баланың үстіне көрпені жауып, екі қолымен басып тұрғаны анық көрінеді. Бақылау камерасынан алынған бұл кадрлар өзге ата-аналардың да ашу-ызасын туғызды. Қазір олар да баланы тұншықтырмақ болған қызметкерді жұмыстан шеттетуді сұрап отыр.

— Түскі уақытта баламды ұйықтатып жатқан кезде болған оқиға. Басқа видео да бар. Баламды жұлқылап әкеліп отырғызған. Балам мына жерін ашып қарайды. Ауырып кеткен ғой. Тіпті балаға қарамайды да. Ол кісі үнемі баламды жұлқылап жүрген ғой. Мынау көрген видеоларым. Ал көрмеген видеоларым қаншама?!, – дейді баланың анасы Арай Асқарқызы. 

Балабақша басшылығы даулы жағдайға қатысты түсінік беріп, тәрбиешінің он жылдық тәжірибесі барын айтты.

— Тергеу жүріп жатыр. Ал тәрбиеші жұмыстан шеттетілген. Ол декрет демалысында. Төрт баласы бар. Ал балабақшадағы бақылау камералары тексеріліп отырады. Бұғанға дейін балаларды жұлқылаған әрекеттерін көрмедік, – дейді №9 «Айгөлек» бөбекжай-бақшасының меңгерушісі Гүлнар Жұмағалиева. 

Шу шыққаннан кейін оның бала күтімі бойынша демалысқа кеткен. Сонымен қатар, бұл факті бойынша полиция тергеу жүргізіп жатқанын да мәлімдеді.

Серіктес жаңалықтары