×
512.53
592.43
6.53
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.53
592.43
6.53

Алғабастағы өрт: ауруханада жатқан 7 жасар қыз көз жұмды

Алғабастағы өрт: ауруханада жатқан 7 жасар қыз көз жұмды
Ulysmedia.kz

Түркістан облысына қарасты Жетісай ауданындағы Алғабас ауылында болған өрт кезінде зардап шеккен жеті жасар қыз қайтыс болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл ақпаратты Ұлыс тілшісіне Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы растады. 

Басқарма мәліметінше, 30 қарашада Жетісай ауданында болған өрт салдарынан өте ауыр жағдайда жеткізілген 2018 жылғы науқас көз жұмды.

- Көрсетілген интенсивті терапияға, бейінді мамандардың (соның ішінде республикалық санитарлық авиацияның 4-деңгей мамандарының) кеңестеріне, реанимациялық және дезинтоксикациялық шаралардың толық кешеніне қарамастан, орталық жүйке жүйесінің ауыр зақымынан пациентті аман алып қалу мүмкін болмады. Марқұмның туған-туыстарына және жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз, – делінген басқарма хабарламасында. 

Бұл өрттен қаза тапқан оныншы бала.

КОНТЕКСТ

Еске салайық, 18 қарашада Түркістан облысындағы Алғабас ауылында жеке үйден өрт шығып, 12 адам қаза тапқаны хабарланған болатын. 

Алғабастағы трагедияның мән-жайы.

Серіктес жаңалықтары