Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, 2 желтоқсанда қалалық полицияның кезекші бөліміне қала аумағындағы пәтерлердің бірінде аса ауыр қылмыс жасалғаны туралы хабар түскен, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Оқиға орнына жеткен жедел тергеу тобы анасының денесін тапқан. Сол пәтерден пышақ жарақатын алған қарт әйел де ауруханаға жеткізілді.
Полицияның мәліметінше, күдікті ретінде қаза тапқан әйелдің 16 жастағы ұлы ұсталды. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полиция кәмелетке толмаған жасөспірімнің қылмысын мойындап, кінәсін толық мойындағанын хабарлады.