Ақмола облысының Мамай ауылының тұрғындары президентке үндеу жолдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Ауыл азаматтарының айтуынша, 2015 жылға дейін тұрғындарға бекітілген үлестік (паевой) жерлері жеке пайдалану айналымынан “із-түзсіз жоғалған”. Содан бері олар он жылға жуық уақыт бойы өздеріне тиесілі жер үлестерінен ешқандай табыс, дивиденд немесе пай жерлерінің жағдайына қатысты есеп ала алмаған.
Жергілікті деңгейде талай рет шағым жасалғанына қарамастан, мәселе шешімін таппаған.
Тұрғындар Президенттен жағдайды жан-жақты тексеруді және өздерінің заңды құқықтарын қалпына келтіруді сұрайды. Олардың айтуынша, бұл – жылдар бойы қордаланған, ауыл халқының мүддесіне тікелей әсер етіп отырған мәселе.
ТҰРҒЫНДАР ӨТІНІШІ
- 2015 жылдан бері біздің пайлық жерлеріміз іс жүзінде пайдаланудан жоғалып кетті. Ешқандай пайда, дивиденд немесе есеп алып отырған жоқпыз. Жергілікті органдарға бірнеше рет жүгінсек те, еш өзгеріс болмады. Біздің заңды құқықтарымызды қалпына келтіру үшін тексеріс жүргізіп, әділ шешім қабылдауыңызды сұраймыз, – делінген ауыл халқының үндеуінде.