×
504.49
587.73
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.49
587.73
6.57

Ақтөбе облысында жол апатынан бес шетелдік азамат қаза тапты

Бүгін, 11:14
Ақтөбе облысында жол апатынан бес шетелдік азамат қаза тапты
Фото: polisia aqtobe

Ақтөбе облысында жол апатынан бес шетелдік азамат қаза тапты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Ақтөбе облысында жолаушылар автобусының қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Оқиға 7 желтоқсан күні сағат 08:40 шамасында Республикалық маңызы бар  «Самара–Шымкент» автожолының 1024-шақырымында болған. Жолда автобус аударылып кеткен. 

Алдын ала мәлімет бойынша, автобус жүргізушісі «Самара–Шымкент» автожолымен Қарабұтақ ауылынан Қызылорда облысына қарай келе жатып, Әйтекеби ауданына қарасты Ұлғайсын ауылының маңында көлік құралының қозғалыс бағыты бойынша оң жаққа аударылуына жол берген.

Автобус салонында Пермь–Ташкент бағытында жол жүрген Өзбекстан Республикасының 49 азаматы болған.

АДАМ ШЫҒЫНЫ

Жол-көлік оқиғасы салдарынан 5 жолаушы оқиға орнында көз жұмды, 11 жолаушы түрлі дене жарақаттарымен Әйтекеби аудандық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі таңда жол-көлік оқиғасының себебі анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары