Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев ОКҚ брифингінде өңір аумағына дрондардың құлауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
— Біздің облыс аумағына түскен дрондардың барлығы белгілі. Бұл мәселемен қазір Қорғаныс министрлігі айналысып жатыр, сұрақтарыңызды соларға қойыңыздар, — деді әкім Төреғалиев.
Аймақ тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында қандай шаралар қабылданатыны туралы нақтылаудан кейін әкім алдымен: «Әрине», — деп жауап берді. Алайда кейін бұл оның құзыретіне жататынына күмән келтіріп, таңданысын білдірді.
— Қандай шаралар? Қандай жағдай жасай аламыз, біз аспанды жауып тастай алмаймыз ғой. Сіздер нені ұсынасыздар, түсінбей тұрмын? — деп қосты ол.
Дронға қатысты оқиғалардың бірі биыл қазанда болған. Батыс Қазақстан облысында, Бөрлі ауданы Қызылтал ауылы маңында жарылғыш құрал тасымалдаған дрон жарылып, жерден шұңқыр пайда болды.
Сол кезде жергілікті билік 23 қазан күні Орынбор облысында әуе қауіпі дабылы жарияланып, Орынбор мен Орск әуежайларында «Ковер» жоспары енгізілгенін хабарлаған.
КОНТЕКСТ
Жыл басында БҚО аумағында кемінде төрт рет дрон құлағаны тіркелген: 24 наурызда Ресеймен шекаралас Жәнібек ауданында, 18 наурызда Тасқала ауданында және 18 ақпанда Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылында.