×
518.39
603.09
6.68
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
518.39
603.09
6.68

Атырауда блогерді қала сыртына алып кетіп, зират жақта соққыға жыққандардың соты басталды

Бүгін, 14:42
Атырауда блогерді қала сыртына алып кетіп, зират жақта соққыға жыққандардың соты басталды
Ulysmedia.kz коллажы

Атырауда жергілікті блогер Құралай Болатованы соққыға жыққан іс бойынша сот процесі басталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оқиға бір ай бұрын болған: жәбірленушінің айтуынша, Айдана Ақмұрзиева мен Ақбота Нұғманова есімді екі қыз оны «сөйлесейік» деген желеумен кафеден шығарып, алдап көлікке отырғызып, қала сыртындағы зират маңына алып кеткен. Сол жерде, Құралайдың айтуынша, олар оны ұрып, қорлаған.

- Мені алдап алып кетті де, ұрды. Мұны жазасыз қалдыра алмаймын. Неге іс тек 108-бап — денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру бойынша ғана қозғалған? Неге адам ұрлау бабы қарастырылмайды? Заң бәріне бірдей болуы керек, — деді ол.

Atyrau today мәліметінше, жәбірленуші жанжал ақшаға байланысты туғанын айтқан. Ол қыздардан 100 мың теңгеге туристік тур сатып алған, бірақ сапар болмай қалғандықтан, ақшасын талап еткен. Дау жеке жанжалға, кейін күш қолдануға ұласқан.

Қазір тергеу тек бір бап бойынша жүріп жатыр. Сот талқылауы жалғасуда.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, оқиға қазанда болған. Атырау тұрғыны Құралай Болатова өзіне қатысты болған ауыр жағдай туралы айтты. Ол танысына сеніп, Ыстамбұлға турды жарнамалауға келісім берген соң, соққыға жығылып, қорлық көрген.

 

Серіктес жаңалықтары