Шымкент қаласы білім бөлімінің лауазымды қызметкері пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы қалалық прокуратура мәлім етті.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті ҚК-нің 366-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қалалық білім бөлімінің бас маманы «Ш.А.» балабақша басшыларынан балабақшаларды тексеру бойынша оң шешім қабылдау үшін бірнеше рет 800 мың теңге көлемінде пара алғандығы анықталған.
«Осы қылмысты жасады деген күдікпен қалалық білім бөлімінің бас маманы «Ш.А.» ұсталып, өз жауабында қылмыс жасағанын толық мойындады. «Ш.А.» қатысты «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды. Қазіргі уақытта іс бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады» делінген прокуратура хабарламасында.