×
$
450.91
522.69
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
450.91
522.69
5.33

Головкин халықаралық спортта тағы бір қызметке сайланды

Бүгін, 18:51
Головкин халықаралық спортта тағы бір қызметке сайланды

Геннадий Головкин халықаралық спорт саласында тағы бір жауапты қызметке сайланды. Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Ислам ынтымақтастығы спорт қауымдастығының (ISSA) вице-президенті болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сайлау Сауд Арабиясының Таиф қаласында өткен ISSA-ның XV Бас ассамблеясында өтті. Головкин қауымдастықтың 2026–2029 жылдарға арналған Атқарушы комитетінің құрамына енді.

Вице-президент ретінде ол Азия және Еуропа аймағына жетекшілік етеді.

ISSA президенті қызметіне Сауд Арабиясының спорт министрі әрі елдің Олимпиада және Паралимпиада комитетінің басшысы ханзада Абдулазиз бин Турки Әл-Фейсал қайта сайланды.

Головкин Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетін 2024 жылғы ақпаннан бері басқарып келеді. Ал 2025 жылғы қарашада ол World Boxing ұйымының президенті болып сайланған еді.

Сол кезде Головкин олимпиадалық спорт түрі бойынша халықаралық федерацияны басқарған алғашқы қазақстандық атанды.