×
519.61
610.13
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
519.61
610.13
6.54

Ақтауда ауа нашарлады: тұрғындарға мұнай өнімдерінің иісі сезілді

Бүгін, 13:11
Ақтауда ауа нашарлады: тұрғындарға мұнай өнімдерінің иісі сезілді
pixabay.com

Ақтауда және оған іргелес елді мекендерде ауа сапасына жүргізілген тексеріс барысында көміртек тотығының шекті рұқсат етілген концентрациясының (ШРК) асып кеткені анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Экологтар тексеру жүргізді

Маңғыстау облысының Экология департаментінің мәліметінше, Ақтау тұрғындарынан ауада жағымсыз химиялық иіс туралы жаппай шағымдар түскеннен кейін, зертханалық-талдамалық бақылау бөлімінің мамандары 15–16 желтоқсан күндері қала аумағында және оған жақын елді мекендерде атмосфералық ауаның мониторингін жүргізген, деп жазады Lada.kz.

Зерттеу нәтижесінде қала ішінде жағымсыз иістің бар екені расталған.

Күдік өнеркәсіп аймақтарына түсіп отыр

Экология департаментінің хабарлауынша, иістің негізгі көзі ретінде өнеркәсіптік аймақтар, соның ішінде «Рекон» базасы орналасқан аудан қарастырылып отыр. Аталған аумақта көміртек тотығы бойынша шекті рұқсат етілген концентрацияның асып кету фактілері тіркелген.

- Алайда түнгі уақытта кәсіпорын аумақтарына кіру мүмкін болмағандықтан, нақты қай жерден шығарындылар тарағанын анықтау мүмкін болмады, — деп мәлімдеді департамент өкілдері.

Кей нүктеде ШРК 5 есе асқан

Экологтардың дерегінше, өлшеу жүргізілген нүктелердің бірінде көміртек тотығының шекті мөлшері 5 есеге дейін артқан. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда, экологиялық қызметтер тексеру жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Серіктес жаңалықтары