Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласындағы жылу электр орталығы жаңа компанияның басқаруына берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап берген ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәлім етті.
– Жылу электр орталығының иесі ауысты. Бүгін сатып алу-сату шарты жасалып, қол қойылды. ЖЭО-ның жаңа иесімен бірге жұмыс істеуді бастап кеттік. Келісімге сәйкес, ол компания қысқа уақыт ішінде орталыққа кем дегенде 7 млрд теңге инвестиция жасай алатынын банктік есепшоты арқылы көрсетіп, дәлелдеуі керек, – аймақ басшысы.
Әкімнің сөзінше, бұл қаражат ЖЭО-ны күрделі жөндеуге бағытталмақ.