×
$
441.88
€
503.61
₽
5.24
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
441.88
€
503.61
₽
5.24

Каспийдегі қайғылы жағдайдан кейін Ақтауға жаңа әкім тағайындалды

Бүгін, 12:39
Каспийдегі қайғылы жағдайдан кейін Ақтауға жаңа әкім тағайындалды
Gov.kz

Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды https://qaz.ulysmedia.kz/https://qaz.ulysmedia.kz/

Мән-жай

Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

- Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша Маңғыстау облысының әкімі Нұрдәулет Қилыбайдың өкімімен Мақсат Мұқаш Ақтау қаласының әкімі болып тағайындалды, - делінген хабарламада.

Жаңа әкім туралы не белгілі?

Мақсат Мұқаштың үш жоғары білімі бар.

Ол Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін мемлекеттік және жергілікті басқару саласында білім алған.

2021-2023 жылдары Мақсат Мұқаш Жаңаөзен қалалық мәслихатының VII шақырылым депутаты болып, «Ақ жол» партиясының қалалық филиалын басқарған.

Одан кейін Маңғыстау облысы әкімінің көмекшісі қызметін атқарды. 2023 жылдың қазанында облыстық Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2025 жылдың желтоқсанынан бастап Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

Енді Мақсат Мұқаш Ақтау қаласын басқарады.