×
504.6
594.27
6.48
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
504.6
594.27
6.48

Астанада түнгі клуб маңындағы төбелесте 18 жастағы жігіт қаза тапты

Бүгін, 08:30
Астанада түнгі клуб маңындағы төбелесте 18 жастағы жігіт қаза тапты
pixabay.com

Қазнетте Астанадағы түнгі клубтардың бірінің маңында төбелес болғаны, соның салдарынан жас жігіттің пышақ жарақатынан көз жұмғаны туралы ақпарат тарады. Полиция бұл дерек бойынша тергеу жүргізіліп жатқанын растады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Threads желісіндегі қолданушылар түнгі ойын-сауық орнының маңында жас жігіттің пышақталғанын жазуда. Полиция мәліметінше, тергеу аясында екі күдікті ұсталған.

- Жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана ауыр дене жарақатын келтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері екі күдіктіні ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады. Анықталғандай, түнгі мекемелердің бірінің маңында жастар арасында сөзге келу болып, ол төбелеске ұласқан. Соның салдарынан 18 жастағы азамат алған жарақаттарынан қайтыс болды, – деп хабарлады Астана қалалық полиция департаменті.

Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Серіктес жаңалықтары