×
508.91
594.36
6.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
508.91
594.36
6.33

Атырау екіге бөлінуі мүмкін

Бүгін, 12:47
Атырау екіге бөлінуі мүмкін
Gov.kz

Атырау қаласын екі әкімшілік ауданға бөлу қарастырылуда, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Қайрат Нұртаев мәлімдеді. Оның айтуынша, мұндай өзгеріс қаланың жаңартылып жатқан бас жоспары аясында жоспарланып отыр. Бұған Атыраудың аумақтық жағынан да, халық санының өсуі де себеп болып отыр. Қазіргі таңда қалада 391 мыңнан астам адам тұрады, деп жазады Kazinform.

Қазір Атыраудың 2040 жылға дейінгі дамуының негізгі бағыттарын айқындайтын бас жоспарға өзгерістер енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бүгінде қаланың аумағы 45 мың гектар, ал жаңа жоба аясында оны 57 мың гектарға дейін ұлғайту көзделген.

МЕГАПОЛИСТЕР ІЗІМЕН

Негізгі ұсыныстардың бірі — қаланы Жайық өзенінің оң және сол жағалауы бойынша екі ауданға бөлу. Басқару жүйесін Астана мен Алматы секілді ірі қалалардың үлгісімен ұйымдастыру ұсынылып отыр.

Облыс әкімінің орынбасарының айтуынша, қаланың бүкіл аумағын бір әкімдік арқылы басқару барған сайын күрделене түсуде. Бас жоспарды әзірлеу барысында көлік инфрақұрылымы, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, энергетика, құрылыс және өзге де салалар жан-жақты зерделенеді. Құжат дайын болған соң тұрғындармен кездесулер өткізіліп, жоспар талқыланып, ұсыныстар жиналады.

КОНТЕКСТ

Атырау қаласының соңғы бас жоспары 2016 жылы әзірленген. Айта кетейік, 2023 жылғы шілдеде Атырау қаласының әкімі болып Шәкір Кейкін тағайындалған. Ал Атырау облысын 2022 жылғы сәуірден бері Серік Шапкенов басқарып келеді.

Серіктес жаңалықтары