×
510.95
594.49
6.5
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
510.95
594.49
6.5

Маңғыстау облысында автобус аударылып кетті: қаза тапқандар бар

Бүгін, 09:25
Маңғыстау облысында автобус аударылып кетті: қаза тапқандар бар
gov.kz

Маңғыстау облысында автобус аударылып, жол апатына түсті. Қаза тапқандар бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Қайғылы оқиға 16 қаңтарға қараған түні, шамамен сағат 01:00-де KZ-11 «Доссор – Құлсары – Бейнеу – Сайөтес – Шетпе – Жетібай – Ақтау» тас жолының 383-шақырымында болды. 

Алдын ала мәлімет бойынша, Yutong маркалы автобустың жүргізушісі көлікті басқара алмай, салдарынан автобус аударылған.

ҚАЗА ТАПҚАНДАР

Оқиға салдарынан төрт адам қаза тауып, тағы үш адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Автобус салонында барлығы 50 жолаушы болған.

Бұл дерек бойынша Маңғыстау облысы аумағында тергеу амалдары басталды.

Серіктес жаңалықтары