×
512.16
594.72
6.57
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
512.16
594.72
6.57

Алматыда теракт қаупіне байланысты ата-аналар балаларын мектепке жібермеді

Бүгін, 11:08
Алматыда теракт қаупіне байланысты ата-аналар балаларын мектепке жібермеді
pixabay.com

Бүгін Алматыда көптеген оқушы мектепке бармай, үйде қалды. Бұған себеп — теракт жасалуы мүмкін деген қауіп туралы хабарламалар. Мұндай ақпарат әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тарады. Алайда полиция бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Құқық қорғау органдары тексеру жұмыстарын бастап кетті. Қазір жалған ақпаратты кім және қайдан таратқаны анықталып жатыр. Фейк хабарламаның авторы заң аясында жауапкершілікке тартылады.

- Төтенше қызметтер күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Балалар мен мұғалімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шаралар қабылданып жатыр, — деп хабарлады Полиция департаменті.

Сондай-ақ полиция қала тұрғындарын сабыр сақтауға, дүрбелеңге берілмеуге және тек ресми дереккөздерге сенуге шақырды.

ТАҒЫ НЕ БЕЛГІЛІ

Білім басқармасы теракт дайындалып жатқаны туралы ақпараттың расталмағанын хабарлады.

- Мұндай мазмұндағы анонимді жарияланымдар бұған дейін де тараған және тексеру барысында өз растауын таппаған. Қазіргі уақытта оқу процесі полиция қызметкерлерінің күшейтілген қатысуымен өтіп жатыр. Сабақты тоқтатуға негіз жоқ. Алматы қаласындағы барлық білім беру ұйымдары штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Қалалық білім басқармасы ата-аналар мен тұрғындарды сабыр сақтауға, тек ресми ақпарат көздеріне сенуге және тексерілмеген мәліметтерді таратпауға шақырады, — делінген хабарламада.

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Шымкент мектептерінде және Ақтау қаласындағы мектептерде теракт жасалады деген ақпарат тараған болатын. 

Серіктес жаңалықтары