×
509.63
592.34
6.54
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
509.63
592.34
6.54

Қызылордада құрылтайға дайындық қызу жүріп жатыр

Бүгін, 10:07
Қызылордада құрылтайға дайындық қызу жүріп жатыр
Ulysmedia.kz

Бүгін Қызылорда қаласында Ұлттық құрылтайдың бесінші отырысы өтеді. Ulysmedia.kz тілшілері оқиға орнында жұмыс істеп, жағдайды тікелей бақылап отыр.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Сырдарияның сол жағалауында өтіп жатқан құрылтайда саяси және әлеуметтік мәселелер кеңінен талқыланады. Жиында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сөз сөйлейді деп жоспарланған.

Еске салайық, алдыңғы жылдары Ұлттық құрылтай отырыстары Ұлытау, Түркістан, Атырау және Бурабайда өткен болатын.

Редакция ең маңызды жаңалықтарды жедел түрде ұсынып отырады. Құрылтайдан түсетін соңғы ақпаратты Telegram-арнамыздан және сайттан қадағалай аласыздар.

Айта кетейік, құрылтай қарсаңында Ulysmedia.kz сарапшылармен тілдесіп, президенттің мінберден қандай мәселелер көтеруі мүмкін екенін талдаған еді. Толығырақ осы тұста

Серіктес жаңалықтары