Қалалық әкімдік Орал қаласының атауын өзгертуге қатысты тараған қауесеттерге түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ТОЛЫҒЫРАҚ
Биыл Батыс Қазақстан облысында бірден 16 көше атауы өзгертіледі. Оның ішінде 11 көше — Ақжайық ауданының Чапаев ауылында, 3 көше — Қаратөбе ауданының Қоржын ауылында, тағы 2 көше — Тасқала ауданының Тасқала ауылында қайта аталады. Бұл туралы «Мой город» басылымы жазды.
Шенеуніктердің айтуынша, көше атауларын өзгерту кезінде бюджет қаражаты жұмсалмайды.
ОРАЛ
Орал қаласының атауын өзгерту жөнінде ұсыныстар түсті ме деген сауалға қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі ешқандай өтініш болмағанын және бұл мәселе күн тәртібінде тұрмағанын мәлімдеді.