×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Жемқорларды ұстап берген ақмолалықтар 2 млн теңгеден астам сыйақы алды

27.01.2023, 08:43
Жемқорларды ұстап берген ақмолалықтар 2 млн теңгеден астам сыйақы алды
фото: ашық дереккөзден

2022 жылы Ақмола облысында жемқорлық туралы хабарлаған 13 адамға 2,1 млн теңге сыйақы берілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ақмола облыс бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі баспасөз қызметінің мәліметінше, жемқорлықпен күреске жәрдем көрсеткен азаматтар көтермеленіп қана қоймай, мемлекеттің қорғауында болады.

«2022 жылы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлаған 13 адам 2,1 млн теңге сыйақы алды. Сонымен қатар өзіне пара беру әрекеті туралы тікелей басшылығына уақтылы баяндаған полиция қызметкері грамотамен марапатталды. Жалпы, Ақмола облысында 2016 жылдан бері сыбайлас жемқорлық деректері туралы хабарлаған 58 адамға барлығы 8,8 млн теңгеден астам сыйақы берілді», - деді ведомстводан.

Айта кетейік, пара немесе келтірілген залал сомасы немесе ұсынылған жеңілдіктердің не болмаса көрсетілген қызметтердің құны 1000 АЕК – тен (3 450 000 тг) аспайтын сыбайлас жемқорлық қылмыстар бойынша сыйақы сомасы қылмыстың ауырлығына байланысты 30-дан 100 АЕК-ке дейін барады. Көрсетілген сомадан артық – сыйақы 10 пайызды құрайды, бірақ 4 мың АЕК-тен аспайды (13 800 000 тг).