×
$
445.65
508.71
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
445.65
508.71
5.3

Астанада көпқабатты үйдің ауласынан пышақ жарақатынан көз жұмған әйел табылды

Бүгін, 10:01
Астанада көпқабатты үйдің ауласынан пышақ жарақатынан көз жұмған әйел табылды
әлеуметтік желі

Астанада Күлтегін көшесіндегі тұрғын үйдің маңында 30 жастағы әйел қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, оған бірнеше рет пышақ жарақаты салынған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Әлеуметтік желілерде қылмысты полиция қызметкері жасаған деген ақпарат тарады. Құжатқа сәйкес, Күлтегін көшесі, 9-үйдің маңында пышақ жарақатын алған әйел туралы хабарлама Нұра ауданының кезекші бөліміне сағат 20:47-де түскен.

Оқиға орнына келген полиция 1996 жылы туған әйелді анықтаған. Ол алған пышақ жарақаттарынан көз жұмған.

Аталған факті бойынша адам өлтіру бабы бойынша қылмыстық іс тіркелді.

Бұрынғы күйеуі және екі баласы туралы жазылып жатыр

Оқиға куәгерлері мен Threads қолданушыларының жазуынша, күдікті – марқұм әйелдің бұрынғы күйеуі. Олардың айтуынша, Жазираның артында екі баласы қалған.

Жергілікті тұрғындар ер адамның бұған дейін Астананың Сарыарқа ауданында учаскелік инспектор болып жұмыс істегенін де жазып жатыр.

Ulysmedia.kz Астана полиция департаментіне сауал жолдады. Редакция күдіктінің ұсталған-ұсталмағанын және оның марқұм әйелге кім болғанын анықтап жатыр.