×
503.9
603.32
6.61
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
503.9
603.32
6.61

Әйелін қызғанған: Жаңаөзенде ер адам дәрігерді пышақтап өлтіріп кеткен

Бүгін, 08:26
Әйелін қызғанған: Жаңаөзенде ер адам дәрігерді пышақтап өлтіріп кеткен
фото: thesun.co.uk

Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында дәрігерге пышақпен шабуыл жасалып, салдарынан ол көз жұмды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Бұл оқиға туралы қоғам белсендісі Айсұлу Дүтпаева жазды. Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы оқиға 28 қаңтар күні шамамен сағат 14:00-де болған. Белгісіз ер адам 29 жастағы терапевт-дәрігерге ауыр пышақ жарақатын салған. Әріптестері соңына дейін оның өмірі үшін күрескенімен, алған жарақаттары салдарынан дәрігер қаза тапты.

Алғашқы ақпараттарға сәйкес, оқиға марқұмның кәсіби қызметіне байланысты емес және оның медициналық мекемедегі жұмысына қатысы жоқ. Жағдай тұрмыстық сипатта болған. Ресми емес деректер мен куәгерлердің айтуынша, дәрігерге шабуыл жасауға қызғаныш себеп болуы мүмкін.

Сондай-ақ шабуыл жасаған күдіктінің мұнай саласында жұмыс істейтіні хабарланды. Ал оның жұбайы аталған ауруханада мейірбике болып еңбек етеді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын құқық қорғау органдары анықтап жатыр.

ПОЛИЦИЯ ЖАУАБЫ

Маңғыстау облысы полиция департаменті оқиға 28 қаңтарда Жаңаөзен қаласында болғанын, марқұм 29 жаста болғанын растады. 

Бұл дерек бойынша күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала тергеу барысында ер адамдар арасындағы жанжал отбасылық-тұрмыстық негізде туындағаны анықталған. Оқиғадан кейін күдікті Жаңаөзен қалалық полиция басқармасына өз еркімен келіп, жасаған әрекетін мойындаған.

Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда оқиғаның барлық жағдайын жан-жақты, толық әрі объективті зерттеуге бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары