×
491.88
585.83
6.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
491.88
585.83
6.36

Мектепте балта алып жүгірген оқушының анасы мәлімдеме жасады

Бүгін, 13:28
Мектепте балта алып жүгірген оқушының анасы мәлімдеме жасады
Ulysmedia.kz коллажы

Құлсарыда мектепте балта алып жүгірген оқушының анасы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ТОЛЫҒЫРАҚ

Оның сөзінше, баласы үзіліс уақытында сыныпта отырған. Бір сәтте оны төрт бала сыртқа шақырған. 

- 5 ақпан күні балам сабағына барған. Екінші сабақ бітіп, қоңырау соғылғанда балам сыныпта отырған. Ол сыныпта отырғанын камерадан көруге болады. Оны өз көзіммен көрдім, бізге түсіріп алуға рұқсат бермеді. Әлеуметтік желіде баламның видеосы тарап жатыр. Төрт бала үшінші қабаттағы кабинеттен келіп, менің балама келіп, балам Мейіржанға өрескел мінезін көрсеткен. Ол төрт бала менің баламды дәретхана жүр деген. Балам төрт балағы күші жетпейтіндіктен осындай жағдайға әкеліп отыр, – дейді әйел адам. 

Оқушының анасының сөзінше, бұған дейін баласы күзде басқа мектепке ауысайыншы деген екен.

- Мен балама “бір жыл қалды. осы мектепті абыроймен аяқтап кет” дедім. Балам сабаққа барғысы келмейді. Балам маған “анашым, сен маған сабаққа бар дейсің, бір күні мен басқаша жағдайда келсем қайтесің?” деген сөзі есімнен кетпейді. Бірақ жамандыққа жорымадым. Міне енді арты осындай оқиға болып отыр. Төрт бала менің балама бармаса, ұлым мұндай әрекетке бармас еді. Балам қатты ызаланған, оның намысына тиген, –дейді ол. 

БҰҒАН ДЕЙІН

Еске салайық, бұған дейін Құлсарыда оқушы мектеп дәлізінде балтамен жүгіргені хабарланған еді. Оқиға Пушкин атындағы №6 мектепте болған. Бұл оқиғадан кейін мектеп директоры қызметінен кетті

Серіктес жаңалықтары