×
493.85
571.78
6.25
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
493.85
571.78
6.25

Атыраулық блогер видеоны өшіру үшін кәсіпкерден 2 млн талап еткен

Бүгін, 12:05
Атыраулық блогер видеоны өшіру үшін кәсіпкерден 2 млн талап еткен
Ulysmedia.kz коллажы

Атырауда блогер жергілікті Coca-Cola өнімдерін тарататын компанияның қоймасында түсірілген видеодан кейін сотталды. Әлеуметтік желіде тараған кадрларда сусын құйылған жәшіктердің ашық күннің астында тұрғаны көрінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Ақша берсең – өшіремін»

Видео жарияланғаннан кейін блогер кәсіпкермен байланысқа шығып, роликті өшіру үшін ақша талап еткен. Ол видеоны алып тастау үшін 2 миллион теңге сұраған.

Тергеу нұсқасына сәйкес, келіссөздер барысында оған танысы көмектескен. Алайда кәсіпкер ақша төлеуден бас тартып, полицияға жүгінген. Осыдан кейін іс бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

Сот шешімі

Істі Атырау қаласының №2 соты қарады. Сот блогерді бопсалау және билік өкіліне қатысты қорқыту баптары бойынша кінәлі деп таныды.

Жаза ретінде оған төрт жыл бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды. Дегенмен сот үкімнің орындалуын екі жылға кейінге қалдырды.

Ал оның танысы да бопсалау бойынша кінәлі деп танылып, төрт жылға сотталды. Ер адам жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары колонияда өтейді.

Серіктес жаңалықтары