×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

«Жасыл» статус қанша тұрады? ШҚО-да жалған вакцина паспортын жасайтындар ұсталды

27.09.2021, 18:28
ашық дереккөз

ШҚО-да жалған вакцина паспортын 10-15 мың теңгеден сатқандар ұсталды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

yk.kz-ның хабарлауынша, Шемонаиха ауданындағы емханалардың бірінде 44 жастағы жұмысшы осындай құжатты ақшаға жасаған. Сол уақытта – шілде айында Семейдің 27 жастағы тұрғыны да жалған коронавирус паспортын жасап, 10-15 мың теңгеден сатқан.

Курчатов қаласында да шілде айының аяғында вакцина алғаны туралы жалған электронды паспортты танысы арқылы жасатқан 43 жастағы ер адам ұсталды. Ол аталған паспортты жасату үшін 15 мың төлеген.

«Аталған үш факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 385-бабы – жалған құжат жасау немесе қолдану бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл заңсыз әрекеттерге басқа адамдардың қатысы бар-жоғы анықталуда. Бұл бап бойынша қылмысы дәлелденген адам айыппұл салудан бастап 4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады», - дейді ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Серіктес жаңалықтары