×
$
443.96
€
487.73
₽
5.38
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
443.96
€
487.73
₽
5.38

Ақтөбеде кәсіпкерді атып өлтірген күдікті ұсталды

Бүгін, 16:37
Ақтөбеде кәсіпкерді атып өлтірген күдікті ұсталды
Ulysmedia

Ақтөбеде 49 жастағы кәсіпкер Айболат Жисовты өлтірді деген күдікпен ер адам ұсталды. Оны полиция екі күн бойы іздеген. Күдікті қаланың элиталық аудандарының бірінде оқ атқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиғаның мән-жайы

Кәсіпкердің өлімі туралы 16 қарашада белгілі болды. Айболат Жисовты Нұрлы таң көшесінен оқ жарақатымен тапқан. Бұл көшеде негізінен жеке коттедждер орналасқан. Оқиғадан кейін полиция аумақты қоршауға алды.

18 қарашада Ақтөбе облысы полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

– Ол Қазақстан азаматы, Ақтөбе қаласының тұрғыны болып шықты. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп мәлімдеді полиция.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Тергеу барысын Ішкі істер министрлігі бақылауына алған. Полиция кісі өлтіру себебі мен қылмыстың өзге де мән-жайын жариялаған жоқ.

Кәсіпкерді ақтық сапарға шығарып салды

Күдікті ұсталған күні Айболат Жисовты жер қойнына тапсырды. Марқұмның туыстары оқиғаға қатысты пікір білдіруден бас тартты.

Бұған дейін Ulysmedia.kz кәсіпкердің мәйіті жеке үйдің ауласынан табылғанын хабарлаған еді. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, ол жанармай құю бекетін басқарған.

Сізге қызық болуы мүмкін