×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Олигарх Клебановтың компаниясы Екібастұздағы жылу мәселесін шеше алмайтынын мойындады

09.02.2023, 08:07
Олигарх Клебановтың компаниясы Екібастұздағы жылу мәселесін шеше алмайтынын мойындады
фото: ашық дереккөзден

«Павлодарэнерго» АҚ  басшылығы Екібастұз қаласын жылумен тұрақты қамту проблемасы жылыту маусымы аяқталғанға дейін шешу мүмкін болмайтынын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Pavlodarnews.kz сайтының жазуынша, компанияның бас директоры Вадим Лесин қазандықтардың, әсіресе су жылытқыш қазандықтардың жай-күйі тұрақты температура бере алмайтынын мәлім етті.

«Осыған байланысты төмендетілген параметрлер беріліп жатыр және мұндай ахуал жылу беру маусымының соңына дейін жалғасатыны болжануда. Төтенше жағдай кезінде болған желілердегі ақауларды жойдық. Көрсеткішті жақсарту үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ негізгі желілердегі лай қазандықтарға түсіп, экранды беткейлерде айналымды бұзды», - деді ол.

Вадим Лесиннің айтуынша, қаңтар айы бойы ЖЭО қызметкерлері мен мердігерлер станция жұмысын тұрақтандырумен айналысқан. Алайда тұрақты параметрлерді алты күн ғана ұстап тұру мүмкін болған. Қазір ЖЭО-да 120-ға жуық адам тәулік бойы жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ баспасөз мәслихатында мәлім болғандай, Екібастұз жылу-электр орталығы жылыту маусымына әзірлік паспортын алмаған.

«Жөндеу жұмыстарын жылыту маусымы басталғанға дейін аяқтау керек болған, алайде дер кезінде аяқтап үлгермеген. Сондықтан станция қысқы маусымға дайындық төлқұжатын алмады. Яғни, төлқұжат бойынша жөндеу жұмыстары 30 қазанға дейін аяқталуы тиіс деген талаптар бар. Ал бұл жолы қараша айының соңында аяқталды, – деді Вадим Лесин.

Қазір Екібастұз ЖЭО-да небәрі төрт қазандық жұмыс істейді, алтауы жөндеуде. 

Айта кетейік, бұдан бұрын президент Қасым-Жомарт Тоқаев премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярға және Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановқа Екібастұз тұрғындарының пәтерлерінде және әлеуметтік нысандарда температура режимін тұрақтандыру үшін барлық қажетті шараны қабылдауды жүктеді. Сонымен қатар жылыту маусымын және жөндеу, қалпына келтіру жұмыстарының барысын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, ғимараттардағы температураның төмендігіне байланысты қаладағы білім ошақтары қашықтықтан оқытуға мәжбүр.