×
449.58
486.94
4.86
#қаңтар қақтығысы #сайлау #Украинадағы соғыс #Палестина #жемқорлық #тағайындау
449.58
486.94
4.86

Қостанай облысында жүзге жуық адам өрт сөндірді

27.09.2021, 23:15
ашық дереккөз

Қостанай ауданындағы «Пригородное» орман шаруашылығы басқармасының аумағында құрғақ шөптің тұтануы салдарынан 200 гектар жер өртенді, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Қостанай облысы Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрт шыққаны туралы хабарлама 101 нөміріне 26 қыркүйек күні сағат 19:10-да түскен. Өрт ошағы Октябрьское ауылынан 5 шақырым жерде басталып, 200 гектарға жайылып кеткен.

Өрт болған жерге «Пригородное» және Арақарагай орман шаруашылығының орман командалары келді. Оларға көмекке Қостанай облысының төтенше жағдайлар департаментінің құтқарушылары, жергілікті атқарушы органдар мен полиция қызметкерлері келді.

Өрт сөндіруге бас-аяғы 99 адам мен 27 техника жұмылдырылды. 27 қыркүйек күні сағат 02:50-де өрт ауыздықталып, тағы 8 сағат өткен соң толық сөндірілді. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Серіктес жаңалықтары