×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Экология министрлігі Маңғыстаудағы 400 мың адамның тағдырымен неге ойнап отыр – Мұсабаев

08.09.2021, 10:05
Экология министрлігі Маңғыстаудағы 400 мың адамның тағдырымен неге ойнап отыр – Мұсабаев
Самат Мұсабаев

Мәжілісмен Самат Мұсабаев «Қошқар Ата» ойпатындағы әлемдегі ең үлкен радиоактивті қалдықтар қоймасының экологиялық мәселесін Мәжіліс қабырғасында көтерді, деп хабарлайды ulysmedia.kz тілшісі.

Депутаттың айтуынша, ойпат 77 шаршы шақырым аумақты алып жатыр. Бұл проблема Маңғыстау үшін ең өзекті мәселеге айналған. Онда жобамен 105 млн тоннадан астам уытты, оның ішінде 52 млн тоннадай әлсіз радиоактивті қалдықтар орналасқан. Бұл радиоактивті қалдықтар қоймасы Ақтау қаласы, Мұнайлы және Түпқараған аудандарының 400 мыңдай халқының, яғни облыс тұрғындарының 55 пайызының денсаулығына кері әсерін тигізуде.

«Қазіргі таңда, тұрғындардың арасында онкологиялық және тағы да басқа аурулардың көрсеткіші өте жоғары. Сонымен қатар, Қазақстан ғалымдарының «Қошқар Ата» қоймасының айналасындағы жануарлар мен өсімдіктерді зерттеу нәтижелері оларда мутациялық процесстердің бар екенін көрсетті. Кезінде Елбасы да, Президент те бұл қойманы рекультивация жасау жөнінде тапсырма берген. Қалдықтар қоймасының жері 2012 жыл рәсімделіп, жобалық сметалық құжаттары жасақталып, радиоактивті қалдықтар шаң болып атмосфераға көтерілмес үшін ашық қалған 45 шаршы шақырымдай жер 30 сантиметр топырақпен жабылатын болып шешім қабылданған. Бұл ең арзан және бүгінгі күні оңтайлы шешім еді», - дейді ол.

Депутат 2020 жылы осы жұмыстарға Маңғыстау облысының табиғат ресурстары және табиғатты пайдалану басқармасы конкурс өткізіп, 15,5  млрд теңгені құрайтын жұмысқа мердігер анықталып, биыл көктемде республикалық бюджеттен 1,0 млрд теңге қаржы қарастырылған. Рекультивациялық жұмыстар жергілікті бюджеттің есебінен басталған болатын.

«Алайда жақында өткен Маңғыстаудағы кездесулерімізде бұл жұмыстарды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі негізсіз тоқтатып тастағаны белгілі болды. Республикалық бюджеттен бөлінген 1,0 млрд теңге әлі күнге дейін жергілікті мемлекеттік органның есеп шотына аударылмаған. Рекультивацияның тоқтап қалуы Маңғыстау тұрғындарының үлкен наразылығын туғызып, «экологиялық және мемлекеттік сараптамалардан өткен бұл жоба қалай тоқтатылады?» - деп, жергілікті тұрғындар үлкен мәселе көтеріп жатыр. Партияның бағдарламасында қабылданған шешімдер неге уақытында орындалмайды? Неге министрлік халықтың тағдырымен ойнайды? «Қошқар Ата» ойпатындағы радиоактивтік қалдықтарды рекультивациялаудың әлеуметтік маңызының зор екенін ескере отырып, тез арада заласыздандыру жұмыстарын қайтадан бастау қажет. Ол үшін биылға бөлінген 1,0 млрд теңге тиісті мемлкеттік органға тез арада аударылсын және осы жобаны тоқтатқан лауазымды тұлғаның жауапкершілігі қаралсын», - дейді Үкіметке депутаттық сауал жолдаған Самат Мұсабаев.