×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Байқоңыр тұрғындарының соғысқа шақырылуы: кешен басқармасы түсініктеме берді

14.02.2023, 15:49
Байқоңыр тұрғындарының соғысқа шақырылуы: кешен басқармасы түсініктеме берді
фото: ашық дереккөзден

ҚР Президентінің "Байқоңыр" кешеніндегі арнаулы өкілінің қызметін қамтамасыз ету басқармасы Украинаға қарсы соғысқа қатысқысы келетіндерге ақша ұсынылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұдан бұрын жазғанымыздай, қала прокуратурасы соғысқа қатысуға ниеттілерге 260 мың рубль (1,5 млн теңгеден астам) көлемінде өтемақы тағайындалатыны жөнінде хабарлама таратқан.

Байқоңыр қаласының арнайы өкілдігінің Facebook-тегі ресми парақшасында жарияланған ақпаратқа сәйкес, мобилизациялау және төлемдер туралы ақпарат Байқоңыр аумағында орналасқан Ресей Федерациясының азаматтарына ғана қатысты.

Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының 2023 жылғы 7 ақпандағы №49 Қаулысына сәйкес, Байқоңыр қаласында тұратын азаматтарға, сондай-ақ арнайы әскери операцияға қатысуға ниет білдірген және әскери қызметті өткеруге келісімшарт жасасқан адамдарға әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем белгіленген. Ресей Федерациясы президентінің 21.09.2022 жылғы №647 «Ресей Федерациясында ішінара жұмылдыру жариялау туралы» Жарлығына сәйкес, тек Ресей Федерациясының азаматтары әскери қызметке шақырылады. Сондай-ақ ерікті түрде әскери қызметші ретінде жұмылдыру немесе арнайы әскери операцияға қатысу үшін Ресей Федерациясының 60 жасқа дейінгі ер-азаматтары шақырылуы мүмкін, - делінген хабарламада.

Нақты айтқанда, қаулыға сәйкес, әлеуметтік қолдау шарасы ретінде 260 мың рубль мөлшеріндегі біржолғы ақшалай төлем тек Байқоңыр қаласының тұрғыны болып табылатын Ресей Федерациясының азаматтарына ғана тағайындалмақ.